Қырғыз Республикасы мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалына өзгеріс енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасы мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалына өзгеріс енгізіледі

21.09.2015
Қырғыз Республикасы мен Қазақстан арасындағы жүк  тасымалына өзгеріс енгізіледі

Қырғыз елінен Қазақстан арқылы үшінші елдерге өтетін жүк тасымалдарына талап күшейтілмек. Енді рұқсат жүйесі енгізіледі. 2003 жылдан бері мұндай тасымалдар рұқсатсыз негізде реттеліп келген. Алайда, бұл жүйе отандық тасымалдаушыларға кері әсерін тигізді. Сондықтан Инвестициялар және даму министрлігі құжатқа енгізілген өзгерістерді Сенат депутаттарының назарына ұсынды. Жаңа талап Қазақстан кәсіпкерлерін қолдап, тауар тасымалдаушылардың құқығын қорғау мақсатында енгізілмек.

Сондай-ақ, Инвестициялар және даму министрлігі Иран Республикасымен арадағы су көліктері тасымалын реттейтін келісім жобасын әзірлеген. Қазір құжат Иран тарапының қарауында. Келісімге келесі жылы қол қойылады, деп жоспарлануда.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу