Оңтүстік Қазақстан облысында қоңыр күзде алма ағашы гүлдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында қоңыр күзде алма ағашы гүлдеді

10.09.2015
Оңтүстік Қазақстан облысында қоңыр күзде алма ағашы гүлдеді

Шымкент қаласындағы «Самал» шағын ауданында тұратын Қаламқас Әбдірахманованың ауласында көктем құлпырып тұр. 

Үй иелері жеміс ағашының күрең күзде қайта гүлдеуі биылғы жаздың аптапты ыстығынан болуы мүмкін дегенді айтады. Көне көз қариялар табиғаттағы мұндай өзгеріс - алдағы қыстың тым суық болатынының белгісі деген болжамдарын айтады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу