Айдын Айымбетов ғарыштан Солтүстік шұғыласын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Айымбетов ғарыштан Солтүстік шұғыласын тамашалады

08.09.2015
Айдын Айымбетов ғарыштан Солтүстік шұғыласын тамашалады

Әлеуметтік желі арқылы ғарыштағы әсерлерімен бөлісіп жатқан ғарышкер Айдын Айымбетов Солтүстік шұғыласын көргенін жазды.

Суреттің астына отандасымыз «Солтүстік шұғыласы,неткен әдемі сурет»,- деп пікір қалдырған.

Сонымен қатар, Айдын Айымбетов ғарышта «Дастархан -6» атты  ғылыми зерттеу жұмысы бойынша ет, ірімшік, айран секілді ұлттық тағамдардың салмақсыздық деңгейінде адам ағзасына қалай сіңірілетінін зерттеп жатқанын да айтып өткен.

 

Гауһар  ТӨЛЕКБАЙ

Хабарламаларға жазылу