Сыртқы істер министрі лекция оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрі лекция оқыды

08.09.2015
Сыртқы істер министрі лекция оқыды

«Қазақстанның сыртқы саясаты және көпқырлы ұйымдардағы  рөлі». Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бүгін осындай тақырыппен Қазақ гуманитарлық заң университетінде лекция оқыды.

Сондай-ақ, ол жоғары оқу орнындағы академиялық клуб сессиясының жұмысын ашты. Оған дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар қатысты.

Дипломатиялық клуб былтыр 5-ші мамырда ашылған болатын. Ашық алаңда маңызды мәселелер талқыланып, түрлі дөңгелек үстел, конференциялар ұйымдастырылып келеді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу