Бағаны негізсіз көтергендерге қатысты тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағаны негізсіз көтергендерге қатысты тексеру басталды

08.09.2015
Бағаны негізсіз көтергендерге қатысты тексеру басталды

Қант пен күнбағыс майының көтерме саудасымен айналысатындарға қатысты тексеру жұмысы  басталды.  Министрлікке қарасты Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті  Павлодар облысында қанттың көтерме саудасымен айналысатын төрт бірдей сатушыға қатысты тексеру жұмысын бастаған.

Оларға  бағаны  өзара ымыраласып көтерді деген күдік келтірілуде. Дәл осындай шара Шығыс Қазақстан облысында да жүруде. Мұнда да  күнбағыс майының көтерме саудасымен айналысатындарға қатысты  бағаны негізсіз көтеру фактісі бойынша тексеру басталған. Бұған дейін айтылғандай, бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл ретінде жаза қолданылып, заңсыз табысы тәркіленеді.

 

 

                             

Хабарламаларға жазылу