Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жетілдіріледі

27.08.2015
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жетілдіріледі

Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ақсап тұр. Өткен жылдың өзінде 5 мыңға жуық өтініш қабылданып, қызмет көрсетілсе, биылғы көрсеткіш 0,5 есеге аз.

Бұл мәселе «Жаңару» қоғамдық сенім орталығында өткен тыңдауда талқыланды. Құзіретті органдар жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша қызмет көрсету кезінде бірнеше заң бұзушылық анықталған.

Салдарынан 1 қызметкер жауапкершілікке тартылыпты. Сондай-ақ, тыңдау кезінде тұрғындар жер телімдерінің шекарасын анықтау, меншікке қолдану, рұқсатсыз жерді пайдалану іспетті проблемалардың жиілеп кеткенін айтты.

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу