Қарағанды облысында қымбатшылық жоқ

27.08.2015
Қарағанды облысында қымбатшылық жоқ

Теңгенің еркін айналымға шығуына байланысты Қарағанды облысында тауар бағаларының бірқалыпта болуын қамтамасыз ететін тұрақтандыру қоры құрылды.  Қазіргі таңда сәбіз, пияз, қызылша, картоп, қант, күріш, өсімдік майы секілді азық-түліктердің жалпы 2 миллион 600 мың тоннадан астам қоры бар.

Жергілікті билік бағаны қадағалайтынын айтуда. Тауар құнын себепсіз шарықтатып жіберген кәсіпкерге шара қолданылатын болады. Сауда орындарындағы баға бірқалыпты. Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ,-дейді билік өкілдері. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу