Қостанай облысындағы Арқалық құс фабрикасы өндірістік қуатын арттыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы Арқалық құс фабрикасы өндірістік қуатын арттыруда

25.08.2015
Қостанай облысындағы Арқалық құс фабрикасы өндірістік қуатын арттыруда

Арқалық құс фабрикасының өнімдері еліміз бойынша саудаланады.

Арқалық құс фабрикасы облыстағы жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізіп отырған қуатты кәсіпорындардың бірі.

Фабрика аумағындағы заманауи талап бойынша жабдықталған 16 нысан жұмыс істеуде. Оның біреуінде балапандар өсіріледі, қалғандарына 430 мың тауық орналастырылған.  

Тәулік сайын 300 мың дана жұмыртқа сұрыптау цехына жіберіледі. Кәсіпорын бүгінде 250 адамды еңбекпен қамтуда.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК  

Хабарламаларға жазылу