Елімізде 32 мыңнан астам жетім бала бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 32 мыңнан астам жетім бала бар

03.08.2015
Елімізде 32 мыңнан астам жетім бала бар

Дені балғындарын өз еркімен өткізгендер. Себеп сан түрлі. Ең негізгілері – жатын жер мен жұмыстың жоқтығы, отбасындағы кикілжің мен ащы судың кесірі.

Мемлекет енді бұл проблеманың салдарын жою жолын қарастыруда. Арнайы жоба қолға алынып, қиын отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізілмек.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда 1 мыңнан астам асыранды бала жетімдер үйіне қайтарылды. Былтыр бұл көрсеткіш 200 бүлдіршінге аз еді.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу