Алматыда көлік өртеген жас жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлік өртеген жас жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалған

21.07.2015
Алматыда көлік өртеген жас жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Алматыда көлік өртегіштер қайтадан пайда болды. Қаныш Сәтбаев көшесі бойында қаңтарылып тұрған көлікке жанар-жағармай құйып өртеген жас жігіттің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бейнежазбада «Toyota Land Cruiser Prado 150» маркалы автокөлікті 14 шілде күні таңғы сағат төрттер шамасында өртегені анық түсірілген.

Бір айда дәл осындай бес көлік өртке оранған. 

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бөтен адамның мүлкін қасақана жою ісіне қатысы бар азаматты ұстау үшін іздестіру операциясы қолға алынғанын және іс бойынша арнайы топ құрылғанын мәлімдеді.   

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу