Жаңаөзендегі 55/48 әскери бөліміне салтанатты түрде әскери Ту табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі 55/48 әскери бөліміне салтанатты түрде әскери Ту табысталды

14.07.2015
Жаңаөзендегі 55/48 әскери бөліміне салтанатты түрде әскери Ту табысталды

Жаңаөзен қаласында орналасқан 55/48 әскери бөліміне салтанатты түрде әскери Ту табысталды. Байрақ ел Президенті атынан берілді.

Сондай-ақ, Қарағанды мен Қызылорда облыстарынан келген 109 сарбаз Ант қабылдады.

Бұл әскери бөлім қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Күн сайын 150 сарбаз шаһардың тыныштығын күзетеді.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу