Жамбыл облысында салынып жатқан «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағында 300-ге тарта адам еңбек етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында салынып жатқан «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағында 300-ге тарта адам еңбек етуде

14.07.2015
Жамбыл облысында салынып жатқан «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағында 300-ге тарта адам еңбек етуде

Жамбыл облысының жер қойнауында еліміздегі фосфорит қорының 90 пайызы, кварциттің 65 пайызы және өзге де көптеген пайдалы  қазбалар бар.

Осыны ескере отырып, Елбасы тапсырмасымен облыс аумағында «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құру шешімі қабылданған.

Қазір Шу өңірінде жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылым тартылып, зауыттарды орналастыруға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

Арнайы аймаққа электр энергиясы да келіп тұр. Ал, көгілдір отын дәл іргеден өтіп жатқан «Азия газ құбырынан» тартылады.

Құрылыста 300-ге тарта адам еңбек етуде. Олардың жартысынан көбі - жергілікті тұрғындар.

«Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы 505 гектарды құрайды.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу