Шілденің 16-22 аралығында ICTM конференциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шілденің 16-22 аралығында ICTM конференциясы өтеді

13.07.2015
Шілденің 16-22 аралығында ICTM конференциясы өтеді

Кеңестің 43-ші жиынына 70 елден  800 –ге жуық ғалым мен сарапшы, музыка әлемінің қайраткерлері қатыспақ. 1937 жылы негізі қаланған дәстүрлі музыка мен би халықаралық кеңесі ұлттық дәстүрлер мен әлемдік мәдениетті зерттеп, оны дамытумен айналысып келеді. 

«Бұл жиын біздің халқымыз үшін аса маңызды. Жаһандану кезінде барша Еуразия құрлығының мәдени дамуы Қазақстанмен тығыз байланысты екендігін дәлелдейміз. Бұл жиын қазақ өнерін әлемдік деңгейде танып, оны биік дәрежеде бірлесіп зерттеуге мүмкіндік береді», - дейді Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева.

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу