Теміртауда ерекше хайуанаттар бағы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда ерекше хайуанаттар бағы ашылды

11.07.2015
Теміртауда ерекше хайуанаттар бағы ашылды

Теміртауда ерекше хайуанаттар бағы ашылды. Ондағы жануарларды келушілер қолмен ұстап, тамақтандыра алады. Әсіресе қала балалары үшін үй жануарларын көзбен көріп, оларды күтіп-баптаудың қыр-сырын меңгеруге бұл таптырмас мүмкіндік.

Осының барлығын өзінің авторлық бизнес жобасында топтастырған Надежда Брюхова.

Кәсіпкер «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы арқылы 3 миллион теңге қаражатқа қол жеткізіп, өз арманын жүзеге асырған.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу