Шымкентте кезінде тұрғын үй салу үшін берілген 160 гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте кезінде тұрғын үй салу үшін берілген 160 гектар жер мемлекетке қайтарылды

11.07.2015
Шымкентте кезінде тұрғын үй салу үшін берілген 160 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жер учаскелері сол маңдағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін, яғни мектеп, балабақша, аурухана тұрғызуға, сондай-ақ, тар көшелерді кеңейту үшін сатып алынды. 

Алайда, бұл сома көлемі тағы да еселенуі мүмкін. Өйткені, қазіргі таңда біраз жердің иесі мемлекет тарапынан белгіленген төлемақыға келіспей соттасуда.

Жалпы мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс жерлерде 600-дей нысан бар. Бүгінде соның тең жартысы ғана мемлекет меншігіне өтті.

Одан бөлек, «Шымкентте қолдан жасалған қиындық тағы бар», - дейді, мамандар. Ол – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің бөлшектеніп кетуі.

Осы санаттағы жерлерді түгендеу кезінде мамандар 4 мыңнан астам егістіктің телімге бөлініп, сатылып кеткенін анықтаған. Бұл бір кездері  атқарушы билік тарапынан жіберілген салғырттық салдарынан болған жағдай.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу