Қазақстанға 19 елдің азаматтары визасыз кіре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға 19 елдің азаматтары визасыз кіре алады

09.07.2015
Қазақстанға 19 елдің азаматтары визасыз кіре алады

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев айтты. Тәртіпті растайтын тиісті Үкімет қаулысы 26 маусымда шыққан. Аталған он тоғыз ел азаматтарына 15 күнге дейін ешқандай визалық талаптар қойылмайды.

Дегенмен визасыз режим орнаған ел заматтары Қазақстан аумағында миссионерлік және басқада ақылы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ. Бұл шаралар Қазақстандағы туризм саласына серпін беріп, ЭКСПО көрмесіне келетін қонақтардың санын көбейтпек.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

Хабарламаларға жазылу