Қостанай облысының Қарабалық ауданында асыл тұқымды ірі қаралар аукционмен сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Қарабалық ауданында асыл тұқымды ірі қаралар аукционмен сатылды

07.07.2015
Қостанай облысының Қарабалық ауданында асыл тұқымды ірі қаралар аукционмен сатылды

Қостанай облысының Қарабалық ауданында асыл тұқымды ірі қараның бірінші халықаралық ашық  аукционы өтті.

Австралиядан етті абердин-ангус түлігі мұндағы шаруашылыққа алғаш рет 2011 жылы әкелінген. Содан бері олардың саны төрт мыңға жетті.

Мал тұқымын асылдандыру бағдарламасына сәйкес, мемлекет елімізде осы Қарабалықтағы тәрізді 85 репродуктор-шаруашылықты қаржыландырған. Олардың міндеті - тұқымды сұрыптап, жетілдіріп, өндіруші шаруашылықтарға сату. 

Аукционға еліміздің бірнеше өңірі мен Ресейдің көршілес Челябі облысынан келген сатып алушылар қатысты.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу