Шай және шай тарихына қатысты жәдігерлер топтамасы Астанада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шай және шай тарихына қатысты жәдігерлер топтамасы Астанада

06.07.2015
Шай және шай тарихына қатысты жәдігерлер топтамасы Астанада

Лондонда орналасқан аталмыш көрме жәдігерлерінің ішінде Еуропа мен Азия және Америкада жасалған шәйнектер мен шай қораптарының 1500 сирек түрі бар. Айта кету керек, «Читра бай Ньюби» көрмесінің жәдігерлері бұған дейін шет мемлекеттергі шығарылмаған.

Көрмеде Қытай мен Үндістан, еуропа елдеріндегі ежелгі шай тарихы мен шай құралдарының ғажап үлгілері көрсетілген. Көрме Астана күні мен Ұлттық музейдің бір жылдығына орайластырылуда. Шараны ұйымдастыруға Ұлттық Банк пен Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болған.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу