Астанадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Қызылорда өңірінің нысандары таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Қызылорда өңірінің нысандары таныстырылды

03.07.2015
Астанадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Қызылорда өңірінің нысандары таныстырылды

Бүгін Астанада «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Қызылорда өңірінің жаңартылған макеттері бой түзеді.

Алдағы уақытта ашық аспан астында орналасқан мәдени кешенде Сыр өлкесінің тарихы, сәулеті мен мәдениетінен сыр шертетін жәдігерлер халық назарына ұсынылатын болады.

Макеттер арасынан Қызылорда әкімдігінің ғимаратынан бастап, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Қорқыт ата кешені, Арал теңізі, сондай-ақ, бірқатар заманауи нысандарды тамашалауға болады.

Таныстыру рәсіміне облыс әкімінің орынбасары, депутаттар және қала тұрғындары қатысты.

 

Нұрлан АСҚАР

Хабарламаларға жазылу