Ресей публицистері «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» атты кітап жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей публицистері «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» атты кітап жазды

01.07.2015
Ресей публицистері «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» атты кітап жазды

Кітап Мәскеу қаласында тұңғыш рет көпке таныстырылып, оқырманның лайықты бағасын алды.

Қазақстан Президенті туралы кітапты Всеволод Богданов, Владимир Губарев, Леонид Млечин сынды 8 қаламгер жазған. Олардың барлығы да «Ресейдің алтын қауырсындары» деген атаққа ие, белгілі публицисттер.

400 беттен тұратын туындыда авторлардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаторлығына тоқталса, енді бірі оның ядролық қарудан бас тартқан батыл қадамына баға берген. 

Туындыда очерктерден бөлек, Ресей Президентінен бастап, өзге де саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлерінің, өнер және спорт жұлдыздарының, Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірлері де берілген.

Салтанатты кеш барысында Ресей Журналистер одағының, Қазақстан Президентін «Ерен еңбегі үшін» белгісімен марапаттағаны жария болды.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу