Теміртаудағы металлургиялық комбинатта Қазақстан магниткасының 55 жылдығына орай мерейтойлық құйма алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта Қазақстан магниткасының 55 жылдығына орай мерейтойлық құйма алынды

30.06.2015
Теміртаудағы металлургиялық комбинатта Қазақстан магниткасының 55 жылдығына орай мерейтойлық құйма алынды

Астана күні қарсаңында Теміртаудағы металлургиялық комбинатта Қазақстан магниткасының 55 жылдығына орай мерейтойлық құйма алынды.

Бүгінде алып кәсіпорынның өндірісі тұрақты. Комбинаттың бүгінгі күнгі жетістіктеріне мерейтойлық құйманы алу рәсіміне қатысқан зейнеттегі ардагер металлургтер куә болды.

Мерейтойлық құйманы тәжірибелі көрікші Дәуренбек Халел қабылдап алды.

Бүгінде комбинатта 14 мыңнан астам адам еңбек етіп, табыс тауып жүр. Зауыт жұмыскерлері жылына 3 миллион 500 мың тонна өнім өндіреді. Осылайша, ел экономикасына еселей үлес қосуда.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу