Алматыда құқық қорғаушылардың бұйрығына бағынбай қашқан автокөлікке оқ атылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда құқық қорғаушылардың бұйрығына бағынбай қашқан автокөлікке оқ атылды

29.06.2015
Алматыда құқық қорғаушылардың бұйрығына бағынбай қашқан автокөлікке оқ атылды

Көлік иесі құжаттарын беруден бас тартқан. Көлігіне мініп, ізін суытып, бой тасаламақ болған. Полицейлер табельдік қарумен көлік дөңгелегіне бірнеше рет оқ атады. Ақыры, қашқан көлік С.Торайғыров пен Ғ.Мұстафин көшелерінің қиылысында аударылған.

Көлік тізгініндегі 20 жастағы Жамбыл облысының азаматы екені, контрабандалық тауар артқаны анықталды. ІІД өкілдері осы оқиға бойынша куәгерлердің дерегіне сүйеніп, расталмаған ақпарат таратқан баспасөз өкілдері де жауапқа тартылатынын хабарлады.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу