Семейде тозығы жеткен жылу қазандықтары жаңартылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде тозығы жеткен жылу қазандықтары жаңартылуда

27.06.2015
Семейде тозығы жеткен жылу қазандықтары жаңартылуда

Әбден тозығы жетіп соңғы жылдары сыр бере бастаған еді. Қақаған қыстың ортасында сынып, тұрғындар талай рет жылудан таршылық көрді.

«2012 жылдан бері құрылысы жүргізіліп жатқан заманауи жылу нысаны іске қосылғанда, ондай мәселеден мүлдем арыламыз», - дейді мамандар.

Жаңа жылу нысаны, тыңнан бой көтерді. Ең соңғы үлгідегі құрылғылар орнатылып жатыр. Қазандық құрылысына Үкімет қазынасынан 11 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазір оның 8 миллиардтан астамы игерілген.

Германияда шығарылатын бу турбинасы сағатына 12 МегаВатт электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Бұрын жылу қазандығына қажет тоқ сырттан сатып алынатын. Енді жылу нысаны ешқандай энергетикалық компанияға тәуелді болмай, артық электр қуатын таратуға да мүмкіндігі бар. Бұл экономикалық жағынан өте тиімді.

Бүгінде үш кезеңнен тұратын құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Мамандар «жаңа қазандық биылғы жылу маусымында іске қосылады», - дейді.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу