ОҚО-да 9 адам мінген «Нива» автокөлігі апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да 9 адам мінген «Нива» автокөлігі апатқа ұшырады

24.06.2015
ОҚО-да 9 адам мінген «Нива» автокөлігі апатқа ұшырады

Қайғылы оқиға 24 маусымда таңғы сағат 08:00 шамасында Қазығұрт ауданы Заңғар ауылының маңында болған.

Автокөлік «Газалкент» каналының үстіне салынған көпірден арғы жағалауға өтіп, арнаны бойлай жүріп келе жатқан сәтте төмен құлап кеткен.

Таяу маңда жүріп осы оқыс оқиғаға куәгер болған 40 жастағы азамат оларды құтқарып қалу үшін бірден суға секіреді. Жылдам жүзіп, машине ішіндегі 3 әйелді судан алып шығады. Өкінішке орай, төртінші адамды ажалдан арашалап қалуға тырмысқанымен қатты ағыс оның өзін де ағызып әкеткен. 

Батыл қимыл жасаған жігіттің есімі 1975 жылы туған Заңғар аулының тұрғыны Ақылбек Елмұратов екені анықталып отыр. Қазір құтқарушылар суға кеткен 25 жасар бойжеткеннің мәйітін іздестіріп жатыр.

Апат болған жерде төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары, полицейлер мен сүңгуірлер жұмыс істеуде. Ал судан аман қалған әйелдердің екеуі ауруханада жатыр. Біреуі аман есен үйіне оралды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу