Атырау облысының кәсіпкерлерінің қолдауымен «Машат» шатқалында балалар лагері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының кәсіпкерлерінің қолдауымен «Машат» шатқалында балалар лагері ашылды

24.06.2015
Атырау облысының кәсіпкерлерінің қолдауымен «Машат» шатқалында балалар лагері ашылды

Мұндай мүмкіндіктен тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың перзенттері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар да қағылған жоқ.

Қазынадан арнайы қаржы бөлініп, олардың сауықтыру орнында тегін демалуына жағдай жасалды.

Мұнда көңіл сергітетін мәдени, спорттық және танымдық негізде түзілген іс шаралар кешке дейін толастамайды. Балалардың бірі сурет салып, қиялын қағаз бетінде өрнектесе, енді бірі сахнада өнерін танытып жүр.

Атыраулық балалардың Оңтүстіктегі жазғы демалысы тамыз айының ортасына дейін жалғаспақ. Осы аралықта әрқайысысы он екі күннен бес тынығу маусымы ұйымдастырылатын болады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу