Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Ішкі істер саласының қызметкерлеріне отандық 40 көліктің кілтін табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Ішкі істер саласының қызметкерлеріне отандық 40 көліктің кілтін табыстады

23.06.2015
Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Ішкі істер саласының қызметкерлеріне отандық 40 көліктің кілтін табыстады

Елордалық тәртіп сақшыларына кәсіби мерекелері қарсаңында жаңа автокөліктер берілді. Бүгін қала әкімі Әділбек Жақсыбеков Ішкі істер саласының қызметкерлеріне отандық 40 көліктің кілтін табыстады.

Арнайы құрылғылармен жабдықталған көліктер ертеңнен бастап тәртіп сақшыларының кәдесіне жарамақ.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада «Тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің кешенді жүйесі» атты ауқымды жоба жұмыс істейді.

Жоба аясында алдағы уақытта қалаға 15 мың бейнекамера орнату көзделген.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу