Салықтық және кедендік төлемдер бойынша құжаттық жұмыстар 50 пайызға қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салықтық және кедендік төлемдер бойынша құжаттық жұмыстар 50 пайызға қысқарды

18.06.2015
Салықтық және кедендік төлемдер бойынша құжаттық жұмыстар 50 пайызға қысқарды

Салықтық және кедендік төлемдер бойынша құжаттық жұмыстар 50 пайызға дейін қысқарды.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Нұрлан Рақымғалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, салық төлеушілерді код мәселесі біраз титықтатқан. Ал, қазір біршама қолайлы тәсіл енгізілді. 

Мәселен, жер салығы бойынша  бұрын 8 код болса, қазір оның саны - тек екеу. Ал, акцизді маркалы тауарлар бойынша  68 код, мемлекеттік баж салығында - 21, тіркеу төлемдерінде - 8, жер салығы бағытында алтауға қысқартылған.

  

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу