Қызылордадағы «Азияш» ЖШС мекемесінің жүргізушісі жалақысын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы «Азияш» ЖШС мекемесінің жүргізушісі жалақысын ала алмай жүр

16.06.2015
Қызылордадағы «Азияш» ЖШС мекемесінің  жүргізушісі жалақысын ала алмай жүр

Ұлттық арна редакциясына Қызылорда қаласының тұрғыны Жандос Мұхановтан хат келген еді.

«Мен «Азияш» ЖШС мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істедім. Бірақ, жалақымды ала алмай жүрмін. Барлық алашағым  1 миллион 200 мың теңге болатын. Арыз беріп, сот орындаушылар арқылы 600 мыңын алдым. 

«Қалғанын мекеме басшысынан сұрайсыз», деді. Ал, мекеме директоры «ақша жоқ», дегенді алға тартады. Осы мәселенің шешілуіне көмектессеңіздер екен», делінген онда.

Мәселе бойынша «Азияш» ЖШС директоры Бекзат Зейнуллаұлы жауап береді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу