Шымкентте туристік автобустар қатынай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте туристік автобустар қатынай бастады

16.06.2015
Шымкентте туристік автобустар қатынай бастады

Шымкентте қос қабатты туристік автобустар қатынай бастады. Енді жергілікті тұрғындардан бастап, шеттен келген қонақтарға дейін сәулеті күн санап артып келе жатқан шаһарды аралап, саяхаттай алады. 

Автобустар белгіленген бағыттар бойынша кешкі сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін жүреді. Көліктердің іші қаланың тарихымен таныстыратын аудиогидтермен жабдықталған. 

Туристік саланы дамыту мақсатында өңірде көктем және күз айларында қасиетті орындар мен тарихи жерлерге саяхат ұйымдастырылмақ.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу