Мемлекет тарапынан субсидия алып келген павлодарлық шаруалардың басы дауға қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет тарапынан субсидия алып келген павлодарлық шаруалардың басы дауға қалды

08.06.2015
Мемлекет тарапынан субсидия алып келген павлодарлық шаруалардың басы дауға қалды

Ол 2 мыңға жуық асыл тұқымды сиыр бағып отыр. Оның әрқайсысынан жылына 5 мың литрге дейін сүт сауылады.

Облыстағы ең ірі сауын фермасы мемлекеттен субсидия алады. Бірақ, «биылғы ақпан айында Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджет қаржысы негізсіз төленді» деген желеумен шаруа қожалығын сотқа берген. Аудандық прокурордың желіндеп тұрған құнажындарды сауын малы санатына алмауы соған негіз болған.

Ал, кәсіпкерлер палатасы «шаруалардың мүддесін міндетті түрде қорғаймыз», - дейді. Тіпті, жеті бірдей шаруа қожалығына тегін қорғаушы да берген.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу