Еліміз бойынша өлген киіктердің саны 85 мыңға жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша өлген киіктердің саны 85 мыңға жеткен

26.05.2015
Еліміз бойынша өлген киіктердің саны 85 мыңға жеткен

Қостанай облысының оңтүстігінде киіктердің жаппай қырылып жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Кейін бұл Бетбақдала популяциясына жататын ақбөкендерге тиген үлкен нәубет екені мәлім болды.

Ресми деректерге сүйенсек, еліміз бойынша өлген киіктердің саны бүгінде 85 мыңға жеткен.

Киіктерді көмуге 500-ден астам адам қатысты. Осы іске ерікті түрде барған жергілікті тұрғындар ақбөкендердің биылғы төлімен бірге өліп жатқанын айтады.

Алғашқы болжам бойынша киіктің қырылуына пастереллез ауруы себеп болған. Мұндай ұйғарым бұған дейін де бірнеше рет шығарылған.

«Дегенмен, нақты себебін сенімді түрде айтуға әлі ерте», дейді мамандар.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК 

Хабарламаларға жазылу