Алматы метрополитенінде жолаушылар саны көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы метрополитенінде жолаушылар саны көбейді

26.05.2015
Алматы метрополитенінде жолаушылар саны көбейді

Алматы метросымен қатынайтын жолаушылар саны күн санап өсуде. Бүгінде метрополитенде 9 бекет жұмыс істейді.

Соңғы бір айдағы есеп бойынша тәуліктік жолаушылар ағыны 38 мыңға жеткен.

Биыл сәуір айында «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылып, жүргіншілер саны да артты. Жолаушылар санының артуына байланысты алдағы уақытта метро пойыздарының жүру уақыты жиілетілмек.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу