Белгілі қаламгер Дидахмет Әшімханұлы өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі қаламгер Дидахмет Әшімханұлы өмірден озды

23.05.2015
Белгілі қаламгер Дидахмет Әшімханұлы өмірден озды

Бүгін қазақ руханияты тарланбоз ұлынан көз жазып қалды. Белгілі жазушы, журналист, «Түркістан» газеті редакторының орынбасары Дидахмет Әшімханұлы дүниеден өтті.

Дарынды қаламгер 66 жасқа қараған шағында Алматыда жүрегі сыр беріп, мәңгілік сапарға аттанды.

Дидахмет Әшімханұлы 1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында туған. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы», «Лениншіл жас»  газеттерінде тілші болып бастаған, кейін «Қазақстан пионері», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1992-1994 жылдары халықаралық «Заман - Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары қызметін атқарған.

Хабарламаларға жазылу