Мемлекеттік орган жұмыстарына қадағалау күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік орган жұмыстарына қадағалау күшейеді

18.05.2015
Мемлекеттік орган жұмыстарына қадағалау күшейеді

Елбасы ұсынған 5 реформа еліміздегі қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді.

Жаһандық ауқымды сын-қатерлердің алдын алады. Заңның үстемдігі азаматтық теңдікті қамтамасыз етеді.

Сондықтан да, Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы реформадан туындаған бұл айқын бағдарлар елдік мұратқа жеткізеді, деген зор сенімге ие. 

Әсіресе, кәсіби және дербес мемлекеттік жүйе қалыптастыру - азаматтық қоғам мүшелерімен санасудың негізі. Өйткені, ашық мемлекет құру арқылы мемлекеттік орган жұмыстарына қадағалау күшейетіні анық.

«Сондай-ақ, есеп беру жүйелері әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін арттырады», - дейді сарапшылар. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу