Елімізде жылу жүйелерін реконструкциялау үшін мемлекет тарапынан субсидия беру көзделуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жылу жүйелерін реконструкциялау үшін мемлекет тарапынан субсидия беру көзделуде

14.05.2015
Елімізде жылу жүйелерін реконструкциялау үшін  мемлекет тарапынан субсидия беру көзделуде

Елімізде ауызсу, жылу жүйелерін салу, жобалау және реконструкциялау үшін мемлекет тарапынан субсидия беру көзделуде.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына кредит беру және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы жүзеге асса дәл осы мақсаттарда арнайы несиелер беріледі. Ол жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен бөлінбек.

Ұзақ мерзімді және жеңілдетiлген бюджеттік кредиттеу түрінде мемлекеттік қолдау түрлері ұсынылып отыр.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу