Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында асыл тұқымды мал өсіретін 50-ден астам шаруашылық бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында асыл тұқымды мал өсіретін 50-ден астам шаруашылық бар

12.05.2015
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында асыл тұқымды мал өсіретін 50-ден астам шаруашылық бар

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы шаруашылықтар мемлекеттік бағдарламалар арқылы нәтижелі жұмыс атқаруда.  

Үкімет қолдауының арқасында өңірде мал саны еселеніп артып келеді.

Қарауыл ауылының тұрғыны Әділғазы Жүнісжанов екі жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасымен 10 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. 100 аналық сиыр сатып алып, шаруашылық ашты.

Самал Мұқатай да - «Сыбаға» бағдарламасынан өз үлесін алғандардың бірі. Қазір 1200 қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын бағуда.

Бүгінде Абай ауданында осы сынды асыл тұқымды мал өсіретін 50-ден астам шаруашылық бар. 

 

Ержан ЖАҚЫП 

Хабарламаларға жазылу