Оңтүстік Қазақстан облысындағы жаңа жылыжайдан жылына бір миллион келі қияр жиналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жаңа жылыжайдан жылына бір миллион келі қияр жиналады

06.05.2015
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жаңа жылыжайдан  жылына бір миллион келі қияр жиналады

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан іске қосылған жылыжайдан енді жылына бір миллион келі қияр, бір мың тонна қызанақ жиналады.

Агроөнеркәсіп саласындағы озық технологияға негізделген жылыжайдың іске қосылуы елімізде бау-бақша өнімдерінің бағасын барынша арзандатуға және оны экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

Шетелден шақыртылған агроном мамандар қазір жергілікті диқандарға көкөністі күтіп-баптаудың әдісін үйретіп жатыр.

Жылыжайда 50-ге тарта адам жұмыс істейді.

Жалпы, былтыр облыс бойынша жылыжайлардан 150 мың тонна көкөніс жиналған. Оның жартысы ішкі нарықта саудаланса, қалғаны өзге аймақтарға жіберілген.   

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу