Шағын және орта бизнестің әлеуеті арта түсетініне сенімдімін – Райымбек Баталов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнестің әлеуеті арта түсетініне сенімдімін – Райымбек Баталов

29.04.2015
Шағын және орта бизнестің әлеуеті арта түсетініне сенімдімін – Райымбек Баталов

«Әлемдегі үлкен өзгерістер әрбір елдің алдына екі таңдау ұсынады – не реформа жасаймыз, не болмаса, көштен қаламыз. Осы өзгерістер дәуірінен тек өзін өзі жаңартып, реформаларға бет алатындар ғана аман өте алады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нық сеніммен дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін де бұл реформалар бізге ауадай қажет дейді салтанатты шараға қатысқандар.

«Елбасы экономикалық бағыттың тамырына қан жүгіртетін реформаларды нақтылады. Шағын және орта бизнестің әлеуеті арта түсетініне сенімдімін. Саяси және экономикалық реформалар бүгінгі күннің талабы. Алдымызда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ең бастысы – кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған зор қолдауды сезінеміз», деді ҚР Кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу