Президенттің ұлықтау рәсімін жастар және түрлі қоғамдық ұйым өкілдері тікелей эфирде тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің ұлықтау рәсімін жастар және түрлі қоғамдық ұйым өкілдері тікелей эфирде тамашалады

29.04.2015
Президенттің ұлықтау рәсімін жастар және түрлі қоғамдық ұйым өкілдері тікелей эфирде тамашалады

Президенттің Ант беру салтанатты шарасына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттің оқытушылары мен студенттері де тікелей эфир арқылы куә болды. 

Студенттер өздері білім алып жатқан ғимараттарда жиналса, ұстаздардың бір бөлігі университет ішіндегі «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында бас қосты.

Ұлықтау рәсімін бастан аяқ көрген жоғары оқу орнының ұжымы Қазақ мемлекеті келешекке тағы бір сенімді қадам жасап, жер-жаһан алдында өзін паш еткенін мақтанышпен жеткізді. 

Сонымен қатар, Елбасы атап өткен, Қазақстанның ішкі дамуын қаматамасыз ететін негізгі 5 міндетті жүзеге асыруға үлестерін қосатындарын мәлімдеді.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу