«Еуразиялық топ» ЖШС Қостанай облысындағы бірнеше әлеуметтік жобаны қаржыландырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразиялық топ» ЖШС Қостанай облысындағы бірнеше әлеуметтік жобаны қаржыландырмақ

24.04.2015
«Еуразиялық топ» ЖШС Қостанай облысындағы бірнеше әлеуметтік жобаны қаржыландырмақ

Пайдалы қазбалар өндірумен айналысатын алпауыт кәсіпорын әркезде әлеуметтік саланы қолдауда.

Биыл бөлінген қаржыға Рудный қаласында көпқабатты тұрғын үй салынады. Сонымен қатар, бірнеше шақырымдық су құбыры мен жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілмек.

Одан басқа Рудный, Лисаков қалалары мен Октябрьский, Береговой ауылдарындағы мәдениет үйлері мен спорт алаңқайлары қайта жаңартылады. 

Әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды осы «Еуразиялық топқа» кіретін «Соколов Сарыбай кен өндірістік бірлестігі» кәсіпорны мен «Қазақстан Алюминийі» АҚ жүзеге асырады.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу