Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға «Қайырымдылық керуені» жолға шықты

21.04.2015
Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға «Қайырымдылық керуені» жолға шықты

«Қайырымдылық керуені» акциясы аясында тұрмыстық заттар, киім-кешектер, қаржылай материалдық көмек жиналған. 

Алматы қаласынан шыққан жүк көлігімен 21 тонна заттай көмек және 1 миллион теңге қаражат жөнелтілген.

Бұдан бөлек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері бір күндік айлық жалақысын аударған.

Игі бастамаға қатысқан Бас мүфти айтып келмейтін апатқа ұшыраған халыққа «әр сынақтың артында қуанышы болады, сабырды серік етіңіздер!» - деген ізгі ниетін жеткізді.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу