Атыраудағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кешенде спорттың 12 түрімен айналысуға мүмкіндік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кешенде спорттың 12 түрімен айналысуға мүмкіндік бар

15.04.2015
Атыраудағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кешенде спорттың 12 түрімен айналысуға мүмкіндік бар

Атырауда осыдан 8 жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру және сауықтыру кешені іске қосылған еді.

Бастапқыда бұл жерде жарымжан жандардың спорттың төрт түрімен айналысуға мүмкіндіктері болса, қазір олар спорттың 12 түрімен шұғылданады.

Үстел теннисінен, отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионаттарында, Әлем біріншіліктерінде топ жарып, жүлделі орындармен оралып жүр.

Ондаған спортшы Қазақстан құрама командасының қатарында.

Жаттықтырушылар арбадағы биден және отырып ойнайтын волейболдан келесі жылы өтетін Паралимпиадаға жолдама алудан үмітті.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу