Алматыда студенттер арасында «Тарих» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік олимпиада басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда студенттер арасында «Тарих» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік олимпиада басталды

08.04.2015
Алматыда студенттер арасында «Тарих» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік олимпиада басталды

Үш күнге созылатын доданың биылғы тақырыбы – «Қазақ хандығының - 550 жылдығы». Қазақстанның 26 жоғары оқу орнынан келген шағын топтар 3 кезең бойынша бақ сынаспақ.

Олимпиаданың алғашқы кезеңінде әр топтан сынға түсетін 4 қатысушы өздерін таныстырып және Қазақ хандарының тұлғалық бейнесін ашып көрсету бойынша білім жарыстырады.

Екінші күні міндетті пәндер бойынша тест жұмыстарын шешеді. Ал, қорытынды кезеңнің тапсырмалары Ассамблея жылына арналған.

Олимпиада аясында жас тарихшыларға «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына саяхат ұйымдастырылмақ.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу