«Қазпошта» мекемесінің 300-ге жуық бөлімшесі электронды кезек жүйесіне көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпошта» мекемесінің 300-ге жуық бөлімшесі электронды кезек жүйесіне көшеді

07.04.2015
«Қазпошта» мекемесінің 300-ге жуық бөлімшесі электронды кезек жүйесіне көшеді

Жыл соңына дейін «Қазпошта» мекемесінің 300-ге жуық бөлімшесі электронды кезек жүйесіне көшеді. Сондай-ақ, ірі қалаларда жалпы саны 100-ге жуық постамат орнатылады.

Бүгін «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Мусин трансформациялау бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Мәселен, енді тұрғындар өздеріне жолданған сәлемдемені поштаға бармай-ақ, көшелерде орнатылған постаматтардан ала алады.

Дәл қазіргі уақытта республика бойынша үш мыңнан астам «Қазпошта» мекемесі жұмыс істейді. Оның 70 пайызы ауылды жерлерде орналасқан.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу