Қостанайда «Отандық автоөндіріс балғындардың көзімен!» аты байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Отандық автоөндіріс балғындардың көзімен!» аты байқау өтті

06.04.2015
Қостанайда «Отандық автоөндіріс балғындардың көзімен!»  аты байқау өтті

Іс-шараның мақсаты - қанатын кеңге жайып келе жатқан автоөндіріс саласына жас буынның назарын аудару. Үздік деп танылғандары зауытқа шақырылып, машиналардың қалай жасалатынын көруге мүмкіндік алды.

Байқауға өңірдегі 25 мектептен 100-ге тарта оқушы қатысқан. «Құрастыру желілерінде оқушылар заманауи жабдықтармен таныса алады. Осы арқылы олардың болашақ мамандығын таңдауына ықпал етуді көздедік», - дейді ұйымдастырушылар.                                 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу