«Менің Қазақстаным» пойызы Атырау облысының Құлсары елді мекеніне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің Қазақстаным» пойызы Атырау облысының Құлсары елді мекеніне жетті

31.03.2015
«Менің Қазақстаным» пойызы Атырау облысының Құлсары елді мекеніне жетті

Халық қалаулылары, министрлік өкілдері, арнайы жасақталған медицина қызметкерлері, сонымен қатар елімізге танымал өнер адамдары.

Біркүндік сапар барысы, қызықты әрі маңызды кездесулерге толы болды. Пойыз құрамындағы жас та, жасамыс та жергілікті тұрғындармен кездесіп, ойларымен бөлісті.

Ұлттық кітапхана өкілдері де өңір кітапханашыларымен кездесті. Электоронды кітапхана жүйесі толыққанды таныстырылып, жаңа технологияның мән-мағанасы түсіндірілді.

Астанадан келген арнайы топтың мұндай игі бастамасына Құлсары кітапханасының басшылық құрамы да ризашылығын білдірді.

«Менің Қазақстаным» пойызының Құлсырыдағы біркүндік шарасы эстрада жұлдыздарынан құралған топтың концертімен түйінделеді. 

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу