Төлепберген Сарманбеков – жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған хас шебер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төлепберген Сарманбеков – жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған хас шебер

24.03.2015
Төлепберген Сарманбеков – жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған хас шебер

Қазір зергер Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде шәкірт тәрбиелеумен айналысады.

Төлепберген Сарманбеков, нағыз бес аспаптың өзі. Оның шеберханасында металды бедерлеу, сымнан зер тоқу, ағаш пен сүйекке ою салу сияқты сан түрлі жұмыстар атқарылады.

Зергердің қолынан шыққан дүниелер өзінің әсемдігімен еріксіз таңқалдырады. «Мұның сыры ұдайы ізденістің нәтижесі»,- дейді шебер.

Ширек ғасырда шебердің қолынан жүздеген туынды шықты. Оның бірқатары отандық және шетелдік музейлерден лайықты орын алған.

Ал, жуырда зергер «Алтын сәукеле» атты туындысымен «Алтын қайық» байқауында бас жүлдге ие болды. Осылайша, адал еңбектің бел ортасында жүрген кәсіп иесі ұлттық өнердің өрлеуіне өзінше үлес қосып келеді.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу