Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнес саласында 107 мың адам еңбек етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнес саласында 107 мың адам еңбек етуде

12.03.2015
Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнес саласында 107 мың адам еңбек етуде

Солтүстік Қазақстан облысында 24 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.

Бұл салада қазір 107 мың адам еңбек етуде. Әсіресе, ауылды жерлерде мал сатып алып, шағын ферма құруға ниет білдірушілер көп.

Айыртау ауданындағы  «Прекрасное» шаруа қожалығы осыдан екі жыл бұрын  құрылған. Шаруашылық құрылғаннан бері жергілікті 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Мемлекет берген жеңілдікті ұтымды пайдаланған кәсіпорын болашақта мал санын көбейтіп, ірі фермаға айналдырмақ.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу