ҚХА ұсынысына аймақтар үн қосуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА ұсынысына аймақтар үн қосуда

23.02.2015
ҚХА ұсынысына аймақтар үн қосуда

Болашақтың берік іргесі бүгіннен қаланады. Сондықтан еліміздің келешегін кемел ету – біздің қолымызда.

Республиканың әр аймағынан пікір білдірген бұқараның кесімді пікірлері осы.

Саяси науқанға қолдау білдіру арқылы болашағымыздың бағыты айқындалмақ. Астаналық тұрғындардың айтуынша, президент сайлауы осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерімізді еселей түспек. 

Шығыс Қазақстан облысында тұратын Ауған соғысының ардагерлері президент сайлауының биыл өткені өте орынды деген ойда. Олар бастама өз уақытында көтерілген мәселе деп біледі. 

Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі үшін жемісті басталған тың жобалар жалғасын табуы тиіс. 

Дамудың даңғыл жолындағы бағыт-бағдарымызды сақтап қалу – басты парыз.

Сондықтан халықты ынтымаққа шақырып, бірлікке бастайтын бастама – ел сенімін орнықтыратын сәтті қадам.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

Хабарламаларға жазылу