Талғат Теменов: Сарабдал саясат – Қазақстанның бүгінгі бағыты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Теменов: Сарабдал саясат – Қазақстанның бүгінгі бағыты

20.02.2015
Талғат Теменов: Сарабдал саясат – Қазақстанның бүгінгі бағыты

Бұл – халыққа рухани жағынан да серпіліс беретін сенімділік. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдаған зиялы қауым өкілдері осылай дейді.

Ұлтын сүйетін, елдігін мақтан ететін әрбір азаматтың асыл парызы – сайлауды қолдау.

Мемлекеттің басты стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда саяси науқанның тигізер септігі мол.

Театр және кино режиссері, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов елдегі саяси науқанның бір де бірінен сырт қалған емес.

Саяси сарапшы болмасам да, Ассамблея ұсынысының астарынан үлкен кемеңгерлік көремін дейді. Оның ойынша, жарқын әрі көпке үлгі болар сарабдал саясат – Қазақстанның бүгінгі бағыты.

Сиқырлы күйлерімен сезім сырын сыйлайтын Секен Тұрысбековтың да сайлауға артар сенімі зор. Ол елімізде тыныштық орнап, ынтымағымыз жарасқаннан артық бақыт жоқ, деп біледі.

Семейлік профессор Шәріпбек Әмірбековтің пікірінше, дамыған алпауыт елдердің өзін діңкелеткен дағдарыстың салқыны экономикасы тұрақты біздің елге де соғары сөзсіз.

Сондықтан сайлауды бірінші кезекте елдің дамуына қалыпты жағдай жасау үшін өткізу қажет.

Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда. Сондықтан заман талабына сай туындаған, Қазақстан халқы Ассамблеясы көтерген батыл бастама халықтың ауызбіршілігін арттыруға сеп болмақ.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу